KZTO 836,90 (-0,25%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,90 (-0,25%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «ҚазТрансОйл Батыры» сайысын өткізді

 17.03.2023    260

15 наурызды Шымкент қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ Наурыз мейрамы барлық сән салтанатымен ұйымдастырылды. Шараға компанияға қарасты барлық ОҚБ өкілдері қатысты.  Наурыз мейрамының салтанатты ашылу рәсімі өткен соң, барлық мұнай құбыры басқармалары қазақтың 11 түрлі салт дәстүрін паш етті. 

Мереке аясында «ҚазТрансОйл Батыры» байқауы өтті. Жарыста бөрене көтеру, белбеу күрес, металл бүгу және құм салынған қаптарды көтеруден бақ сынасты. Конкурстың жеңімпазы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Қаражанбас» МАС АжӨБҚ слесарі Шыңғысхан Тәшібай болды. Ол сондай-ақ «ҚазТрансОйл Батыры» атағына ие болды. Екінші орынды Атырау мұнай құбыры басқармасының «Сахарный» МҚС желілік құбыршысы Дамир Капышев иеленді. Үшінші орынды Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Петерфельд»  ЖӨДС «Булаево»  АҚКП желілік құбыршысы Қуандық Танабаев жеңіп алды.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер