KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің марапатына ие болды

 30.03.2023    328

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің вице-министрі Әсет Мағауов «ҚазТрансОйл» АҚ бірқатар қызметкерін Құрмет грамотасымен марапаттады. Әріптестерімізге табыс етілген марапат - мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия өнеркәсібіндегі салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеуге белсенді қатысқаны үшін берілді. Марапат иегерлерінің қатарында: 

  • Нұргүл Мұнбаева, «ҚазТрансОйл» адам ресурстарын басқару департаменті директорының орынбасары 
  • Айжан Мұратқызы, «ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің еңбек және еңбекақы ұйымдастыру бөлімінің басшысы 
  • Владимир Кондратьев, «ҚазТрансОйл» АҚ бас диспетчерлік орталық басшысының орынбасары
  • Асқар Нұғаметов, «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаменті директорының орынбасары 
  • Бауыржан Ізтулеуов, «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің магистралды құбырларды пайдалану бөлімінің бас инженері
  • Ербол Азиев, «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының тауар-көлік қызметінің басшысы.


Жиында мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия өнеркәсібіндегі салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының өзге де мүшелері марапатталды. Салтанатты рәсімнен кейін аталмыш топ өкілдері «Мұнай-газ барлау өндіру», «Мұнай-газ тасымалы мен сақталуы», «Мұнай-газ қайта өңдеу және сату» тақырыптары бойынша тармақталған топтарға бөлініп жұмыстарын жалғастырды.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер