KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай балаларға байқау ұйымдастырылды

 03.05.2023    208
Жезқазған мұнай құбыры басқармасында өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі бастапқы кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай «Балалар суреттерінің конкурсы» және «Кроссвордтарды шешу» бойынша конкурстар өткізді.

Бірінші байқауда басқарма қызметкерлерінің балаларынан ата-аналарының қауіпсіз жұмыс істейтінін қағазға бедерлеген жиырмадан астам суреттері қаралды. Екінші кроссвордтар байқауына оннан астам қызметкер қатысты. Мерекелік атмосфера бүкіл жұмыс күніне созылды.

Конкурстар аяқталғаннан кейін барлық қызметкерлер сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер