KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Шымкент мұнай құбыры басқармасында спартакиада өтті

 10.05.2023    234

Шымкент мұнай құбыры басқармасында «ҚазТрансОйл» АҚ оңтүстік-шығыс құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен спартакиада болып өтті.

Екі күндік жарысқа алты команда қатысты. Олар: басқарма аппараты және ЭХҚжӘЖ, АЖҚКЖ  учаскелерінен құралған «Достық» командасы, «Шымкент» БМАС және ТАҚП құралған «Жігер» командасы, «Жуантөбе» МАС пен  «Созақ» МАС және «Шолаққорған» БМАС-тан құралған «Теріскей» командасы, «Шағыр» МҚП және Шымкент ҚТП құралған «Намыс»,  ӨҚкБ және АБЖ учаскесінен құралған «Жеңіс» командасы мен ТКжАТЦ құралған «Бірлік» командасы. 

Командалар спорттың 9 түрінен сайысқа түсті. Атап айтқанда, волейбол, армрестлинг, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, баскетбол, үстел теннисі, кіші футбол. 

Өз кезегінде ШМҚБ бастығы Асқар Кәрібаев барлық қатысушы командаларды марапаттап, алғысын білдірді.

Барлық спорт түрлері бойынша жалпыкомандалық нәтижелер бойынша 1 орынды «Достық» командасы жеңіп алды. 2 орынды «Жігер» командасы, 3 орынды «Теріскей» командасы иеленді. 

Сондай-ақ жарыстың басқа да түрлері асық атудан «Шымкент» БМАС желілік құбыршысы Мейіржан Үмбетжанов, қол күрестен «Шағыр» МҚП тауар операторы Әліби Несіпбаев, арқан тартудан ТКжАТЦ құралған «Бірлік» командасы,  үстел теннисінен ШМҚБ технологиялық жабдықтарды жөндеуші слесарь Қанат Жураев, тоғызқұмалақтан ШМҚБ заңгер-кеңесшісі Ғалымжан Төленбаев, шахматтан «Шолаққорған» БМАС МАС операторы Дәулет Камалов 1 орынды иеленді. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер