KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Әріптесіміз Ғалымбек Мұстафа– айтыстан тағы да топ жарды

 23.05.2023    412

 Құлсары мұнай құбыры басқармасы «Прорва» мұнай айдау станциясының автоматика және бақылау-өлшеу құралдарының сласары Ғалымбек Мұстафа «Теңізшевройл» ЖШС құрылғанына 30 жыл толуына арналған Атырау облысының ақындар айтысында бас жүлдені иеленді. 

       Құлсары қаласында өткен  «Теңізшевройл» ЖШС құрылғанына 30 жыл толу мерейтойына арналған «Қасиетім, қазынам- Қазақстан» атты ақындар айтысына Атырау облысынан 16 ақын қатысты. Ақындар тәуелсіздік жылдары алпауыт компанияның елге, өңірге және Жылыой ауданының дамуына қосқан үлесін жырға арқау қылып, елдік, бірлік бағытында айтысты. Айтыста алғырлық пен сөз табу, қарсыласын сөз саптасымен қапыда қалдырудан алдына жан салмаған әріптесіміз Ғалымбек Мұстафа айтыстың бас жүлдесін иеленді.

   

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер