KZTO 836,50 (+0,30%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,50 (+0,30%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері Берлиндегі «PTC-2023» мұнай-газ саласындағы құбыр технологиялары бойынша жыл сайынғы көрменің жұмысына қатысты

 25.05.2023    264

«ҚазТрансОйл» АҚ Германияның Берлин қаласында өткен Pipeline Technology Conference (PTC) 2023 халықаралық көрмесіне Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Темірхан Қайырбекұлы Әбдіров және пайдалану департаментінің өкілдері, магистральдық құбыр объектілерін диагностикалау бөлімінің бастығы Данияр Смағұлов және магистральдық құбырларды пайдалану бөлімінің бастығы Дмитрий Сабуров қатысты.  

18-ші конференция әлемнің түкпір-түкпірінен мың шақты қатысушыны жинады. Осылайша, ол өзінің бүкіл тарихындағы ең ауқымды іс-шараға айналды. 58 түрлі елдің делегаттары Берлинге жағалау және теңіз құбырларын жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсетудің соңғы тенденциялары туралы 80-нен астам презентация арқылы ақпарат жинау мақсатында келді. 

Темірхан Қайырбекұлының айтуынша, мұндай ауқымды іс-шаралар желіні кеңейтуге, пікір алмасу мен дискуссия барысында құбыр тасымалы саласындағы соңғы үрдістер туралы білуге тамаша мүмкіндік береді. 

«Ұсынылған барлық инновациялар диагностика, құбырларды жөндеу, күрделі құрылыс, ақаудың салдарынан ағынның болғанын анықтау және цифрландыру және т.б. салаларға қатысты болды. Жыл сайын нарық көптеген инновациялық технологияларды ұсынуда. Қазірдің өзінде кейбірін қолданып жатырмыз, ал кейбірі бізге одан әрі дамуға талпыныс береді. Сондай-ақ, біз дөңгелек үстел жұмысына қатыстық, онда тараптар құбыр көлігін жетілдіру мүмкіндіктері мен саланың қиындықтарын талқылады. Біз айтқан нюанстар басқа қатысушыларды да бей-жай қалдырған жоқ», - деді Данияр Смағұлов.

    Көрме барысында Дмитрий Сабуров магистральдық мұнай құбырлары мен технологиялық құбырларды коррозияға қарсы тиімді және ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етуде, құбыр құрылысының мониторингін цифрландыруда қолданылуы мүмкін бірқатар жаңалықтарды атап өтті. Сондай-ақ, құбыр ақауларының барлық түрлерін жою үшін 100 жылдан астам сертификатталған бүкіл әлем бойынша бірегей композиттік құбыр жөндеу жүйесі атап өтілді.

    

    Көрме қорытындысы бойынша Қоғамға енгізу мақсатында ең қызықты ұсыныстар мен шешімдер анықталды, бірқатар компаниялар осы жылдың 30-31 мамыр аралығында жоспарланған «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырларды пайдалану қызметтері мен электрохимиялық қорғау қызметтерінің техникалық кеңесіне қатысуға шақырылды.  

    Пайдалану департаменті жаңа инновациялық технологияларды іздеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Бүгінде Департамент технологиялық құбырларды роботтандырылған диагностикалау, құбырішілік снарядты өткізе отырып, мұнайды жылыту пештерін (катушкамен) тексеру, магистральдық құбырлардың тұтастығын басқару жөніндегі ақпараттық жүйені жаңғырту және т. б. сияқты бірқатар жобаларды енгізуді қарастыруда.

Халықаралық конференция тек технологияларға ғана емес, гендерлік теңдік пен жас мамандарды дамыту мәселелеріне де назар аударды. Жеке іс-шаралар құбыр саласындағы әйелдер тақырыбына және Young pipelines International қауымдастығының жұмысына арналды.   

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің инновациялық дамуын және оның әлемдік энергетикалық жүйеге кірігуін қамтамасыз ету. Бұл бағытта компания ауқымды жұмыстар жүргізуде. Енгізілген жаңа технологиялар саны бойынша «ҚазТрансОйл» әлемдік көшбасшылардан қалыспай келеді. 

2019 жылы компания цифрландыру бойынша ең ірі жобаны – Астана қаласындағы Бас диспетчерлік басқаруды іске қосты. Бас диспетчерлік басқармадан мамандар «ҚазТрансОйл» АҚ және оның бірлесіп бақыланатын компаниялары магистральдық мұнай құбырларының бүкіл жүйесі бойынша мұнай ағындарын қашықтан басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ кәсіпорындарында SmartTran магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнайды тасымалдаудың бірегей отандық цифрлық технологиясы енгізілді. Бағдарлама нақты уақыт режимінде диспетчерлік басқарудан алынған деректерді өңдей алады, оларды ыңғайлы форматта мониторинг жасап, визуализациялауды қамтамасыз ете алады.
 

Айсамал Әбілхан

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер