KZTO 917,00 (-0,54%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 917,00 (-0,54%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері үшін 12 спорт алаңын салуды жоспарлауда

 05.06.2023    633

Биыл «ҚазТрансОйл» АҚ негізінен станцияларда жұмыс істейтін компания қызметкерлері үшін 12 әмбебап спорт алаңын салуды жоспарлап отыр.

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Қаламқас» бас мұнай айдау станциясында әмбебап спорт алаңының құрылысы аяқталды. Жаңа алаң волейбол, шағын футбол және баскетболмен айналысуға арналған.


Бұл осы компания бойынша алғашқы спорт алаңы. Енді вахталық әдіспен 15 күн жұмыс істейтін «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері өндірістен қол үзбей спортпен де қатар шұғылдануға мүмкіндік алды. Бузачин мұнайын тасымалдауға үлес қосып жүрген мұнайқұбыршылар бос уақытын спортпен өткізетініне қуанып жүр.  


- Мұндай спорт алаңдарын жүздеген вахташылар армандап жүр! «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығына алаң салып бергені үшін алғысымды білдіремін. Жұмыстан кейін біз мұнда мини-футбол, волейбол және баскетбол ойнаймыз. Алаң өте жақсы, сапалы, барлық заманауи стандарттарға сәйкес салынған. Жыл сайын бізде спартакиадаға іріктеу жарыстары өткізіледі, енді біз осында жаттығып, нәтижелерімізді одан әрі жақсарта түсеміз, - деді Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Қаламқас» бас мұнай айдау станциясының ТҚЖ слесарі Әнуар Тәжіғұлов.

– «Қаламқас» бас мұнай айдау станциясында спорт алаңының пайда болғанына қуаныштымын. Жобаның құрылысы 2022 жылдың желтоқсанында компания басшылығының бастамасымен және қолдауымен басталды. Осылайша, компания тұрақты негізде өндірістегі жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартады, - деп атап өтті Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Аманжолов.


Негізгі мақсат – вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің спорттық бос уақытын ұйымдастыру, оларды спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау. 2023 жылы бұдан бөлек тағы да 11 әмбебап спорт алаңы салынады, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ бизнесті қолдау департаментінің директоры Асылхан Дөбенов.

- Көлемі 38*18 метр және жалпы ауданы 648 шаршы метр келетін тартан негізіндегі спорт алаңдары әмбебап болып саналады. Компания қызметкерлерінің көптеген өтініштерінің қатарында: спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылыс, әлеуметтік сипаттағы мәселе, атап айтқанда жұмысшылардың жұмыстан тыс бос уақытын өткізу мәселесі тұр.

Сонымен қатар, вахталық кенттердің облыс орталықтарынан қашықтығына байланысты спорт алаңдарын жалға алу мүмкіндігі жоқ. Жалпы бос уақытты өткізу корпоративтік және спорттық рухтың деңгейіне, ұжымның бірлігі мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер етеді, - деп атап өтті Асылхан Дөбенов.

Жыл сайын «ҚазТрансОйл» АҚ-да көптеген спорттық іс-шаралар өткізіледі. Мұнайқұбыршылар үшін негізгі спорттық мереке – спартакиада, оның жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спартакиадасында, содан кейін «Самұрық-Қазына» қызметкерлері арасындағы бас турнирде компания атынан қатысады.


- Қоғам «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның волейбол, ерлер арасындағы шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша спартакиаданың бірнеше дүркін чемпионы. Ал спартакиадаға дайындық ішкі жарыстар мен мықтыларды іріктеуді өткізетін шалғай станциялардан басталады. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның спорттық өміріне әрбір қызметкер қатыса алады. Біз жұмыскерлеріміз үшін еңбек және бос уақыт жағдайын жақсарта алатынымызға қуаныштымыз, - деп түйіндеді Асылхан Дөбенов.

Меруерт Шукуева, Алтынгүл Мендіхан

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер