KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та еңбек және қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар тақырыбында кеңес өтті

 07.06.2023    365

«ҚазТрансОйл» АҚ-да «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаевтың төрағалығымен еңбек және қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар тақырыбында кеңес өтті. Кеңеске орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің, «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының басшылары және мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Оқиғаларға шолу туралы баяндаманы  Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ТЖ департаментінің директоры Асқар Кабылов таныстырды. Іс-шара қорытындысы бойынша мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.


Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер