KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

Мұнай тасымалы тарихынан сыр шертетін көрме бұрышы ашылды

 05.09.2023    470

Атырау облысы Жылыой аудандық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні мерекесінде «ҚазТраснОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының тарихынан сыр шертетін арнайы бұрыш ашылды. 

Көрме бұрышының ашылуына Құлсары МҚБ басшылығы, Жылыой аудандық әкімдігінің өкілдері, сала ардагерлері мен әр жылдары басқарманы басқарған азаматтардың ұрпақтары қатысты.

Салтанатты шарада ардагерлер игі істі қолға алған Құлсары МҚБ ұжымы мен музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Мұнайқұбыршылар бұрышын жасақтауға үш айға жуық уақыт жұмсалған. Осы кезең ішінде басқарма ұжымы музей бұрышына қажетті материалдарды жинастырып, тарихи экспонаттарды табуға атсалысты. Тарихи «Қосшағыл» мұнай айдау станциясының макеті арнайы жасалып, мұражайға тарту етілді.   

Сонымен қатар, музей көрмесіне Құлсары МҚБ тарихы, басқарманы басқарған тұлғалар туралы көркемсурет тақтасы, мұнайқұбыршылардың жетістіктері мен мұнай тасымалдау өндірісінен экспонаттар қойылған. Алдағы уақытта жергілікті музейге келушілерге Құлсары мұнай құбыры басқармасының тарихы таныстырылатын болады.    

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер