KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

Әріптестеріміз республикалық «EL QURMETY» қоғамдық қорының наградаларын иеленді

 11.09.2023    651

Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері өз саласында еңбек ете жүріп, қоғамның оң бағытта қалыптасуына ықпал ететін отаншыл және ұлтжанды шынайы қоғамдық еңбегі үшін республикалық «EL QURMETY» қоғамдық қорының наградаларын иеленді. Атап айтқанда, республикалық «EL QURMETY» қоғамдық қорының атынан Атырау МҚБ еңбекті қорғау жөніндегі инженері Алтынгүл Шакимова «Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы» орденімен, Т.Қасымов атындағы МАС суды химиялық тазалау аппаратшысы Арман Қанатаев пен «Орал» ЖӨДС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі жетекші инженері Татьяна Леонович «Еңбек Даңқы» ордендерімен наградталды. Наградаларды Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық Орталығы» КММ өкілі Ақбөбек Тәттібекқызы арнайы келіп, Атырау МҚБ басшылығының қатысуымен наградаларды табыстады. «Азматтық Орталық» өкілі қызметкерлеріміздің өңірдегі қайырымдылық жұмыстар мен волонтерлік қозғалыстарға белсене қатысып, өзінің азматтық көзқарасын айқын көрсетіп жүргендерін атап өтті. Біз де әріптестерімізді қоғамдық қордың жоғары наградасын иеленуімен құттықтаймыз! 





Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер