«ҚазТрансОйл» АҚ Орталық аппаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерімен кездесу барысында, «Президенттік жастар кадр резерві» бағдарламасына қатысу мәселелері талқыланды.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- Құжаттарды қабылдау;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысы.