KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

Жалпықалалық сенбілікке шықты

 19.09.2023    458

Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері Дүниежүзілік тазалық күніне арналған іс-шараға қатысты. Олар Жезқазған қаласы бойынша өткізілген жалпықалалық сенбілікте жергілікті басқа ұйымдардың ұжымдарымен бірге  шаһар аумағынан арнайы бекітілген учаскеде тазалық жұмыстарын жүргізді. 

-  Біздің ұжымға әкімдік тарапынан «Кеңгір» су қоймасының жағалау аймағын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүктелген болатын. Мұнайқұбыршылар бұл міндетті толықтай орындады. Тазалық шарасы кезінде жалпы көлемі  шамамен 15 текше метрдей қалдықтар жиналды. Біздің мамандар жылдың әр мезгілінде қала аумағы бойынша санитарық-тазалық шараларын үнемі жүргізіп тұрады және бұл үрдіс алдағы күндері де жалғаса бермек, - деді басқарма бастығының орынбасары Ербол Ысқақов.



Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер