KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

Шымкент мұнай құбыры басқармасына 40 жыл

 20.09.2023    516
Шымкент мұнай құбыры басқармасының құрылғанына 40 жыл толуына орай, «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара болып өтті. Мерейтойға мұнай тасымалдау саласында көп жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлер арнайы шақырылды.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған басқарма бастығы Асқар Кәрібаев  жиылғандарды мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен және басқарманың мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, барлық өндіріс ардагерлерін магистральдық құбыр көлігін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін «Шымкент мұнай құбыры басқармасына 40 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттап шықты.
Басқарманың дамуына кешегі зейнеткер ардагерлер мен оның ізбасарлары көп үлесін қосты. Өткенге көз жүгіртсек, 1975 жылы Павлодар-Шымкент мұнай құбырының құрылысы басталып, 1981 жылы аяқталады. Сол жылы «Шолаққорған» БМАС құрылысы басталып, 1983 жылы аяқталады.

Бүгінде сонау алғашқы мұнай магистралына түрен салған жандардың қанша маңдай тері мен күш-жігерінің арқасында 1983 жылы 14 наурызда Шымкент мұнай өңдеу зауытына алғашқы мұнай келді. Ал ақпан айында КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігі Бас Транснефть Транссібір магистральдық мұнай құбырларын басқару құрамында Шымкент аудандық мұнай құбыры басқармасы құрылады. Осылайша басқарма 40 жыл ішінде ұлттық мұнай тасымалдау операторының бір бөлшегіне айналды.  

Салтанатты жиын барысында еңбек ардагерлері Шымкент мұнай құбыры басқармасының  тарихынан сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті.
Кеш соңында құрметті қонақтарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер