KZTO 827,00 (+0,98%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 827,00 (+0,98%)

«Қамқорлық» акциясы аясында құрмет көрсетілді

 16.10.2023    360

Павлодар облысында қазан айында Қарттар күні мен айлығы аясында «Қамқорлық» акциясы жарияланған. Аталмыш акция аясында өңірдегі зейнеткерлерге жан-жақты қолдау мен құрмет көрсету көзделуде. Бұл игі істен Павлодар мұнай құбыры басқармасының мамандары да қалыс қалмады. Жақында бастапқы кәсіподақ ұйымы тарапынан жас мамандар кеңесі мүшелерінің қатысуымен басқарманың бес зейнеткеріне, яғни Кітапбаев Сайынғұмар, Ольга Куванникова, Зейнеш Сүлейменов, Валентина Цыганюк пен Зулбухар Шамышевке «Greenwich» сауда желісінің сыйлық сертификаттары табыс етілді. 

- Бұлар біздің аға буын, басқарма зейнеткерлері.  Уақытында өндірісте жұмыс істеген. Бірақ еңбек өтілі жетпегендіктен компания бойынша белгіленген зейнеткерлер тізіміне енбейді және соған байланысты компания тарапынан берілетін жәрдемақыларды алмайды. Осыны ескере келе оларға бір реттік көмек көрсетуді туралы шешімге келдік, - дейді бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуаныш Ильяшев. 

Уақытында өздері еңбек еткен басқарма мамандарының құрметіне қариялар дән риза болды және барлығы игі тілектерін жаудырды. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер