KZTO 860,94 (+0,11%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 860,94 (+0,11%)
Brent ()
WTI ()
460,73
498,47
5,07

Атыраулық мұнайқұбыршылар «Донор Күні» акциясына қатысты

 09.11.2023    413

Атырау мұнай құбыры басқармасында «Донор күні» акциясы өткізіліп, 26 мұнайқұбыршы 12 литр қан тапсырды. Бұл белгіленген 3 сағат ішіндегі көрсеткіш. Жылжымалы қан қабылдаушылар бригадасы кәсіпорында түске дейінгі уақытта жұмыс жүргізді. Сонымен қатар 13 қызметкер Атыраудағы қан Орталығына барып қан тапсырды. Жалпы алғанда өндірістік орында «Донор күні» акциясы екінші мәрте өткізілді, біріншісі жаз айында болған. Оған қатысушылардың да жыл өткен сайын саны артып келеді. Қан орталығында мұнай құбыры басқармасының 15 қызметкері тұрақты донорлар есебінде.  Акция барсында әр донор 450 грамм қан тапсырды.

Дәрігерлердің айтуынша, қан 30-40 күннен кейін толық қалпына келеді. Тағы бір пайдалы жағы- қоғамдағы қанға мұқтаж жандарға көмек. Облыстық қан орталығынан келген арнайы жылжымалы бригада қызметкерлерді тізімге алып, тексеруден өткізіп барып қан тапсыруға жібереді. Келушілер алдымен тіркеуден өтеді. Оларды донорлық базадан тексеріледі. Қан құрамын және түрлі инфекциялардың болмауы анықталады. Қан тобы айқындалады. Анкета толтырып, терапевтің тексеруінен өтеді. Содан кейін ғана қан тапсыруға жіберіледі. Донорларды қан тапсырып шыққан соң тағы бір дәрігерлік бақылаудан өткізіледі. Қан айналымы орнына түскенше адам дәрігер белгілеген тағамдарды пайдаланып, кеңесін орындауы шарт.

Қан тапсыру ерікті түрде. Акцияға қатысам деушілер өз еріктерімен келіп тіркеліп, қан тапсырды. 

    

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер