KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

Мартыши мұнайқұбыршыларының дүбірлі тойы

 24.11.2023    713

Атырау мұнай құбыры басқармасы «Мартыши» мұнай айдау станциясының 50 жылдық мерейтойы салтанатпен атап өтілді. Осыдан жарты ғасыр бұрын -Каспий теңізі ойпатының «Мартыши» кен орнынан Атырауға мұнай тасымалдау үшін «Мартыши» мұнай айдау станциясы жұмысын бастады. Бүгінде мұнай айдау станциясы -тұрақты өндірістік дәуірінен өтіп, дамуға бет алған. Заманға сай қуатты да жаңғырған өндіріс ошағына айналды. Бұл біріншіден ұжымның ауызбірлігі мен ынтымағының, екіншіден ұрпақтар сабақтастығының арқасы. Басқарма басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы, станция ұжымының ұйымдастыруымен 50 жылдық мереке салтанатпен атап өтті.


   

Мерекеде алдымен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Олардың ішінде осы «Мартыши-Атырау» мұнай құбырының бастауында атсалысқандар мен мұнай айдау станциясында алғаш еңбек жолын бастағандар бар. Ардагерлер 50 жыл бұрынғы кезеңді естеріне алып, бүгінгі күнмен салыстырды. Әрине, мұнай құбырының бойы мен мұнай айдау станциясы заман талабына сай жаңғырған, бұрынғыдай қол жұмысын қажет етпейді, автоматты жүйеге қосылған. Бұл өзгеріс ардагерлердің көз алдында.


Мерекелік салтанатта Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы Өтеу Есмұрзин станция ардагерлері мен озат қызметкерлеріне  арнайы жасалған «Мартыши» МАС -50 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті. 

Мерекелік іс-шара станция өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер