KZTO 830,00 (+0,60%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (+0,60%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Бильярдта бақтарын сынады

 30.11.2023    449

Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы қызметкерлерінің  арасында бастапқы кәсіподақ ұйымының қолдауымен және Жас мамандар кеңесінің бастамасымен бильярд ойынынан жарыс өтті. 


Жарысқа  басқармасының әр бөлімшелерінен («Арал» ТАҚП, «Кумколь» ЖПУ, №8 МАС, №9 МАС, №10 МАС, №11 МАС, ТК және АТЦ, ШҚУ) 16 жұмысшы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша бірінші орынды №10 МАС ҚС инженер-энергетигі Ержан Исаханов иеленді. Екінші орынды Аманжол Мұхаметжанов ТК және АТЦ арнайы автокөлік жүргізушісі, ал үшінші орынды Бас энергетик қызметінің электр энергиясын есептеу жөніндегі инженері Ернар Хасенов олжалады. Төртінші орынды ШҚУ қазандық операторы Бағлан Қатықбаев қанағат тұтты. 

Барлық жүлдегерлерге арнайы кубок пен сыйлықтар табыс етілді.   

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер