KZTO 819,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (-0,10%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Спартакиада-2024 жеңімпаздары жарияланды

 07.06.2024    2474
 »ҚазТрансОйл» АҚ Спартакиада-2024 жеңімпаздары жарияланды
Төрт күн бойы «ҚазТрансОйл» АҚ Спартакиадасына қатысқан 15 команда  арасында жеңіске деген күрес тартысқа толы болды. «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің, еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдардың құрама командалары спорттың 11 түрінен жарысты. Атап айтқанда: волейбол, мини-футбол, баскетбол, жүзу, асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, армрестлинг, киберспорт және арқан тарту.

«ҚазТранОйл» АҚ-ның 2024 жылғы Спартакиадасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімімен аяқталды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынды – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының командасы, екінші орынды – Атырау мұнай құбыры басқармасының атлеттері, үшінші орынды – Жезқазған мұнай құбыры басқармасының құрамасы алды.

Спартакиаданың жабылуында «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов атап өткендей, корпоративтік спартакиаданы өткізудің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді жүйелі спортпен шұғылдануға тарту, командалық рух, мақсатшыл, ерік-жігер, табандылық пен жеңіске деген ұмтылысты тәрбиелеу.
«Жеңіске жету үшін нағыз шайқас болды. Қатысушылар өз саласында ғана емес, спортта да үздік екендіктерін тағы да дәлелдеді», - деп түйіндеді Ғазиз Қошанов.

Мини-футбол ойындарында ЖМҚБ командасы чемпион атанды. Екінші орында ММҚБ командасының ойыншылары мен үшінші орынды ҚарМҚБ командасы иеленді. Волейболдан өткен тартысты ойында павлодарлық спортшылар үздік шықты. Екінші орынды Батуми командасы иеленсе, үшінші орын қарағандылық волейболшыларға бұйырды.

Баскетбол біріншілігінде Атырау МҚБ командасы көшбасшы болды. Екінші орынды ЖМҚБ командасы алса, үшінші орынды – ММҚБ иеленді.
Жүзу жарыстарында да ең мықтылар анықталды. Жүзушілер 40 жасқа дейінгі және 40 жастан асқан кіші топтарға бөлінді. Ер адамдар 800 метр қашықтықты, ал әйелдер 400 метр қашықтықты жүзіп өтті. Ерлер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша (40 жасқа дейін): ПМҚБ-дан Игорь Сорокин (1 орын), ММҚБ-дан Асқар Қуаныш (2 орын), ҚарМҚБ-дан Олжас Мақсұтов (3 орын). 40 жастан асқан ер адамдар арасында: Равиль Сұлтанов (1 орын) ҚарМҚБ, Михаил Васильев (2 орын) ҚҚҚ, Ясон Тениешвили (3 орын) Батуми. Жүзуден 40 жасқа дейінгі әйелдер арасында жеңімпаздар төмендегідей: Алтынай Инташева ((1 орын) АМҚБ, Жазира Сәдуақасова (2 орын) ММҚБ, Әйгерім Байқоңырова (3 орын) ҚҚҚ командасынан. 40 жастан асқан әйелдер арасында мәреге бірінші болып ПМҚБ-дан Ирина Филяева (1 орын), ММҚБ-дан Елена Феронова-Попова (2 орын), ЖМҚБ-дан Татьяна Мисурина (3 орын) келді.

80 келіге дейінгі ерлер арасындағы армрестлингте ШМҚБ-дан Әліби Несіпбаев (1 орын), ММҚБ-дан Жанболат Аралбаев (2 орын), ШОҚБ-дан Жанат Бесекенов (3 орын) үздік шықты. 80 келіден жоғары санаттағы ерлер арасында армрестлингтен бірінші орынды АМҚБ-нан келген Нұржан Жарбулов иеленді. Екінші орынды ММҚБ-дан Шыңғысхан Тәшібай, үшінші орынды ҚарМҚБ өкілі Бақытқали Дәуренбеков алды. Әйелдер де армрестлингке қатысты. 65 келіге дейінгі санаттағы үздіктер Батумиден Шорена Тевзадзе (1 орын), ПМҚБ-дан Қаламқас Ильяшева (2 орын) және ШОҚБ-дан Айгүл Кутанова алды. 65 кг жоғары салмақтағы әйелдер арасында ММҚБ-дан келген  Елена Буркальцеваға тең келер ешкім болмады. Екінші орынды Батумиден Татьяна Тенишвили иеленсе, үшінші орынды ЖМҚБ-дан Ксения Гареева иеленді.

Асық атудан жарыс ережесі бойынша әр команда үш қатысушыдан құралды: 2 ер адам және 1 әйел. Ерлер асық атудан, ал әйелдер бес асықтан жарысты. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды ШОҚБ командасы иеленді. Екінші орында – ШМҚБ, үшінші орында - ЖМҚБ командасы.

Тоғызқұмалақтан ерлер арасында ШМҚБ-дан Ғалымжан Төленбаев (1 орын), ММҚБ-дан Нұрсұлтан Хадис (2 орын) және ШОҚБ-дан Марат Исатаев (3 орын) жеңімпаз атанды. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша әйелдер арасында ПМҚБ-дан Сабина Өмірзақова бірінші орынды, екінші орынды – ШОҚБ-дан Аида Есенгелдинова, ал үшінші орынды АМҚБ құрама командасынан Жанар Мұхамедғалиева алды.

Шахматтан жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарағандыдан Валерий Аллаяров иеленді. Екінші орынды Батуми мұнай терминалының қызметкері Данияр Ғалиев алды. Ал ШОҚБ-дан келген Айзат Абдуллин он бес шахматшының ішінен үшінші орынды иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды атыраулық Қарлыға Тоғашева иеленді. Екінші орынды Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының қызметкері Гүлден Сигуатова иеленді. Қарағандыдан келген Лаура Меңлібаева қыздар арасындағы жарыста үшінші орын алды.

Сайыста ең қызықты және эмоцияға толы жарыс – арқан тарту болды. Бұл сайыста ең мықты болып ҚҚҚ командасын артқа қалдырған ЖМҚБ командасы суырылып шықты, ал үшінші орынды ШОҚБ еншіледі.

Үстел теннисінен ерлер арасында Батуми мұнай терминалы мен теңіз портының біріккен командасынан Фархат Тәшібаев (1 орын), ПМҚБ командасының атынан Нұрлан Кенжеахметов (2 орын), МТБО құрама командасынан Бауыржан Ахмет (3 орын) чемпион атанды. Әйелдер арасында үздік теннисшілер қатарында ЖМҚБ командасынан Томирис Амангелді (1 орын), ПМҚБ командасының өкілі Эльмира Елеусізова (2 орын), Күмісай Тойнаева (3 орын) иеленді.

Киберспорт бойынша бірінші орынды ШОҚБ ойыншылары, екінші орынды ЖМҚБ командасы, үшінші орынды АМҚБ командасы иеленді.
Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2024 жылы өткен Спартакиадасында жүзуден жаңа рекорд орнатылды. Компанияның бүкіл тарихында уақытқа жүзуден қырық жасқа дейінгі ерлер тобында рекорд тіркелді. Оны Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Петерфельд» ЖӨДС желілік құбыршысы Игорь Сорокин 800 метр еркін жүзуде орнатты. Бұл қашықтықты ол 11 минут 03 секундта жүзіп өтті.
 
Серiктестер