KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Қоршаған ортаны қорғау балалар көзімен

 12.06.2024    1126
Атырау мұнай құбыры басқармасында қызметкерлердің балалары арасында сурет байқауы аяқталды. Байқауға 5 пен 12 жас аралығындағы 80-ге жуық бала - еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау тақырыптарында сурет салып қатысты. Бала болса да олардың еңбек қауіпсіздігі, табиғатты қорғау туралы түсінігі мен көзқарасын салған суреттеріне қарап байқауға болатындай. Балалар «Менің ата-анам жұмыста», «Қауіпсіздік белдігі», «Денсаулық қорғау, қол мен жеміс-жидектерді қалай дұрыс жуамыз», «Табиғатты аялайық» тақырыбында өздерінің көзқарасымен салған суреттерін ұсынды. Сурет байқауына қатысқан балалардың шығармалары комиссия шешімімен жоғары бағаланды. Атырау МҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен кішкентай жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Біздің балаларымыздың қауіпсіздікті білуі мен қоршаған ортаны қорғауға ынтасы қуантады.




Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер