KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Рухани байлық - кітапта» акциясы аясында Құлсары мұнай құбыры басқармасына әдеби кітаптар жеткізілді

 12.06.2024    1122
Қазақстан мұнайының 125 жылдығы қарсаңында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ұйымдастырған «Рухани байлық - кітапта» акциясы аясында Құлсары мұнай құбыры басқармасына компанияның Орталық аппарат қызметкерлерінің жинақтаған кітаптары жеткізілді. Мемлекеттік тілдегі 126 кітаптың ішінде қазақ әдебиеті және шетел әдебиеті классиктерінің  поэмалар жинағы мен романдары, повестері бар. Әдеби-танымдық кітаптар Құлсары мұнай құбыры басқармасының вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 5 өндірістік нысанына: «Прорва» мұнай айдау станциясына, 3-ші мұнай айдау станциясына, «Қарсақ-Алтиес» және «Айранкөл» қабылдау-тапсыру пункттері мен Автоматтандырылған жүйелерді басқару участогіне таратылды. Осы кітаптарды жинақтап, басқармаға жолдаған Орталық аппарат қызметкерлеріне құлсарылықтардың ризашылығы шексіз. Құлсары МҚБ кеңсе меңгерушісі Ақмарал Жетпісбаеваның айтуынша, әдеби шығармалар қызметкерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне және әдеби танымын кеңейтуге әсері мол. 
 



 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер