KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ-та апатқа қарсы оқу-жаттығу өтті

 20.06.2024    766
«Шымкент» БМАС «Резервуар паркіндегі технологиялық құбырдың жарылуы» атты тақырыпта апатқа қарсы оқу-жаттығу болып өтті. 
 
Оқу-жаттығудың мақсаты – объектінің және персоналдардың адамдарды қауіпсіз орынға жедел құтқаруға және апатты жоюға дайындығын тексеру.
 
Оқу дабылы кезінде «Шымкент» БМАС, ТАҚП қызметкерлері мен ерікті өртке қарсы жасақ пен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жеке құрамы,  «Медикер-ПМ» ЖШС, «KMG-Security» ЖШС қызметкерлері қатысты.
 
Сценарий бойынша апат болған жерге көбік шашылып, резервуардың айналасы лентамен қоршалып, арнайы белгілер орнатылды. Персоналдар жұмысшыларды эвакуациялап,  зардап шеккендерді құтқаруға кірісті. Оқу-жаттығуда әр қызмет өздерінің міндеттерін жоғарғы деңгейде атқарып, төтенше жағдай кезіндегі жылдам әрекет етуді пысықтады.Сондай-ақ, оқу-жаттығуға арнайы техникалар мен құралдар тартылды.
Жансая Сыдықбай,
ШМҚБ қоғаммен байланыс жөніндегі маман

 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер