KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Шымкент мұнай құбыры басқармасында «Үздік маман-2024» байқауының 1 турының жеңімпаздары марапатталды

 21.06.2024    502
Шымкент мұнай құбыры басқармасында «Үздік маман-2024» байқауының І турына 8 мамандық бойынша 24 үміткер қатысты. Сайыс ережесіне сәйкес қатысушылар теориялық және практикалық шеберліктерін көрсетуден сынға түсті. Комиссия мүшелері байқаудың ең үздік үміткерлерін анықтады.

Үздіктер байқауының қорытындысына келсек, Шымкент МҚБ бойынша 8 жеңімпаз өз мамандықтары бойынша арнайы грамоталармен марапатталды: «Үздік МАС операторы» - Дәулет Камалов («Шолаққорған» БМАС), «Үздік тауар операторы» - Әділ Әлтен («Шымкент» ҚТП), «Үздік химиялық сараптау лаборанты» - Ержан Аширов («Шағыр» МҚП), «Үздік электргаздәнекерлеуші» - Бахтияр Кунекбаев (ӨҚБ), «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі» - Айтөре Сапарбай (АБЖ учаскесі), «Үздік электромонтер» - Нұрсұлтан Абжаппаров («Шолаққорған» БМАС), «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі – Жаңабек Қуандықов («Жуантөбе» МАС), «Үздік желілік мұнайқұбыршы» - Ысқақ Қасымбек («Шолаққорған» БМАС).

Бұдан басқа екінші және үшінші жүлделі орын алған өзге үміткерлер де марапатталды. Алда жеңімпаздар «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымдары арасында өтетін үздіктер байқауында бақ сынайтын болады. Жарыстан жеңіп шықса халықаралық байқауға жолдама беріледі. Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Карибаев жарыстың ІІ турына баратын әріптестерімізге сәттілік тіледі.
 
Жансая Сыдықбай, Шымкент МҚБ
қоғаммен байланыс жөніндегі маманы
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер