KZTO 819,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (-0,10%)

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында болды

 26.06.2024    1189
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Атырау мұнай құбыры басқармасы Тарас Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында болып, өндірістік нысанның жұмыс процесімен танысты. Министрлік атынан келген делегация өкілдерін Атырау мұнай құбыры басқармасының басшысы Марлен Төлегенов қарсы алып, станцияның жұмыс процесін көрсетті. Кездесу кезінде басқарма басшысы экология, қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы егжей-тегжейлі баяндады. 

Сонымен қатар делегация Тарас Қасымов атындағы мұнай айдау станциясының мұнай эстакадасында болып, мұнайды құю-төгу жұмысына қолданылатын құрылғыларды қарады. Министрлік өкілдеріне резервуар паркіндегі мұнайды сақтау, магистральды сорғы станциясы мен технологиялық жабдықтардың жұмыс процесі көрсетілді.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер