KZTO 819,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (-0,10%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та лудоманиямен күрес мәселелері қаралды

 27.06.2024    1280
Атырау мұнай құбыры басқармасының жұмысшылары Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы мен «Іскер ханым» қоғамдық қорының  өкілдерімен кездесті. Кездесудегі басты мақсат- ойынқұмарлықтың алдын алу. Құмар ойындарға тәуелділік бүгінгі қоғамда әсіресе, жастар арасында белең алған. Ойынқұмарлар өз әрекетімен отбасынан, достарынан алыстап, жұмысынан да айырылып жатыр. Осыған орай, лудоманияның жолын кесу бағытында «Іскер ханым» қоғамдық қоры психологиялық тұрғыда ойынқұмарлықтан арылту бойынша кәсіби психологтарды тарту арқылы кешенді жоба жасақталып жатқанын хабардар етті. Ойынқұмарлыққа салынған адамдар кез келген ұжымда, ортада кездесуі мүмкін. Сондықтан оларды ортадан ажыратпай санасымен күресуге қолдау көрсетіп, адаспауына жәрдемдесу жолдары айтылды. Сонымен қатар, «Іскер ханым» қоғамдық қорының жетекшісі Әсия Мухсинова, отбасындағы бала тәрбиесінде лудоманияның алдын алу  жолдарын да дәлелмен түсіндіріп берді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер