KZTO 819,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (-0,10%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандары мұнай тасымалы мамандарының халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына қатысты

 04.07.2024    972
«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы метрологиялық қамтамасыз ету құралдарын тексеру және өлшеу учаскесінің инженері Аманжол Досмұхамбетов, Шығыс операторлық қызмет көрсету басқармасы  қазандық операторы Тимур Қырғызбаев және Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы «Бейнеу» желілік-өндірістік диспетчерлік станциясы «Сай-Өтес» мұнай қыздыру станциясының аға шебері Төлеген Қылышбаев «Транснефть» ЖАҚ және халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының онлайн форматта өткен халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына қатысты.

Аманжол Досмұхамбетов және Тимур Қырғызбаев бірлесіп «Компания қызметкерлерінің өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін зерек білезіктерді өндірісте қолдану» тақырыбындағы конкурстық жұмысын ұсынды.

Төлеген Кылышбаев өнеркәсіптік жарықтандыруда құбырлы жарық өткізгіштерді пайдаланудың тиімділігі туралы ғылыми жоба дайындады.

Конференцияға белсенді қатысқаны үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандары «Транснефть» ЖАҚ  президенті Николай Токаревтің дипломымен марапатталды.

«Транснефть» ЖАҚ және халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының онлайн форматта өткен халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы  Хабаровск қаласында  (РФ) өтті.

«ҚазТрансОйл» АҚ  - 2015 жылдан бері халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының мүшесі болып табылады.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер