KZTO 824,98 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 824,98 (-0,36%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Шымкент мұнай құбыры басқармасында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет кітапханалары ашылды

 09.07.2024    329
«ҚазТрансОйл» АҚ ұйымдастырған «Рухани байлық – кітапта» акциясына орай, Шымкент мұнай құбыры басқармасы мен оған қарасты станциялардың демалыс бөлмелерінде көркем кітаптардан шағын кітапханалар құрылды.

Ондағы мақсат – көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін әріптестерімізді бос уақытында кітап оқуға шақыру.

Аталған акция аясында, Шымкент мұнай құбыры басқармасында 250-ге жуық көркем әдеби кітап жиналды. Сонымен қатар, «Шолаққорған» мен «Шымкент» БМАС, «Шағыр» МҚП, «Созақ» пен «Жуантөбе» МАС, «Шымкент» ҚТП-да шағын кітапхана бұрыштары ашылды.  

Осылайша «Рухани байлық – кітапта» корпоративтік акциясына ШМҚБ ұжымы белсене қатысты.
Жансая Сыдықбай,
Шымкент мұнай құбыры басқармасының

 қоғаммен байланыс жөніндегі маманы
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер