KZTO 824,98 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 824,98 (-0,36%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Шымкент мұнай құбыры басқармасында Қарабек Баймахановты зейнет демалысына құрметпен шығарып салды

 11.07.2024    296
Шымкент мұнай құбыры басқармасы Өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы Қарабек Баймахановты әріптестері құрметті зейнеткерлік демалысына шығарып салды.

24 жылдан бері тапжылмай еңбек еткен ол басқарманың ыстығы мен суығына төзіп, базаның жұмысын үйлестіріп, алға сүйреген майталман басшы бола білді. Өзінің көпжылдық тәжірибесі мен шеберлігін мұнай тасымалы саласының өркендеуіне әкеліп қосты.   

Қарабек Баймаханов – еңбек жолын мұнай тасымалдау саласында жүргізуші болудан бастаған. Кейіннен Өндірістік қызмет көрсету базасында жүк тиеуші, 5 разрядты тас қалаушы, технологиялық бөлімнің жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі, ӨҚкБ технологиялық жабдықтарын жөндеу және баптау жөніндегі учаске бастығы, ӨҚкБ бастығының орынбасары, ӨҚкБ бастығы қызметтерін абыроймен атқарды.

Басқармада Қарабек Әнуарбекұлының көптеген ізбасарлары бар. Олардың барлығы да әріптесін өзінің тәлімгері санайды. Бұдан бөлек, мұнай тасымалы саласында жүріп алған марапаттары да жетерлік. 2008 жылы «ҚазТрансОйлға 10 жыл» медалімен, Құрмет грамотасымен, 2017 жылы «ҚР құбыр көлігіне 80 жыл» медалімен марапатталды.

Шымкент мұнай құбыры басқармасының бас инженері Еркебұлан Жансейітов зейнеткерді шығарып салу жиынында ұжымның атынан ізгі лебізін жеткізіп, басқарма кәсіподағының атынан арнайы сыйлықты табыс етті. 
Жансая Сыдықбай,
«ҚазТрансОйл» АҚ
Шымкент мұнай құбыры басқармасының
қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі маманы
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер