Құлсары мұнай құбыры басқармасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорымен бекітілген 2024-2027 жылдарға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту бойынша Жол картасы аясында Құлсары МҚБ қызметкерлерінің балалары арасында «Табиғатты аялайық!» тақырыбы бойынша 6 жас пен 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы сурет байқауын қорытындылады. «Табиғатты аялайық» тақырыбында салынған сурет байқауына 40-тан астам оқушы қатысты. Арнайы құрылған байқаудың қазылар алқасы суреттерді саралап, жеңімпаздарды анықтады.
Конкурсқа қатысушы балалар «Қоқыс – жаhандық экологиялық проблема» шеберлік сабағына қатысып, қоршаған ортаны қорғау тақырыбында тың мағлұматтар алды. Соңында байқау жүлдегерлері Құлсары МҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.