KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ инвестиция тарту бойынша Грузияның көшбасшысы болып танылды

 19.07.2024    2709


«Батуми теңіз порты» ЖШҚ («ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы – «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ға 100% үлесті басқаруға айрықша құқықтарымен тиесілі) «Инвестициялық тартымдылық, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі, серпінді өсу және даму» номинациясы бойынша «Бизнес-рейтинг XXIII» Georgian times (Грузия) медиа холдингі тағайындаған сыйлықтың жеңімпазы атанды. Компания сондай-ақ «Грузияның ең ірі салық төлеушісі» номинациясының көшбасшысы ретінде де танылды.

«Батуми теңіз порты Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізінің өте маңызды буыны болып саналады. Жүк айналымының қарқынды өсуі таусылмайтын өндірістік мүмкіндіктер мен мақсатты, белсенді жұмыстың көрсеткіші. Порт жаңа деңгейге көтеріліп, одан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар болғандықтан дамуын жалғастыруда», - деді Грузия парламентінің бірінші вице-спикері Гия Вольский «Батуми теңіз порты» ЖШҚ бас директоры Ұлан Тілеуғалиге марапаттау рәсімінде.

Қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, «Батуми теңіз порты» ЖШҚ өндірістік нысандарды жаңартуға инвестиция салады, сапа мен қауіпсіздікті басқарудың заманауи стандарттарын енгізеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етуді және басқаруды «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы жүзеге асырып отыр.

Georgian Times Медиа холдингі сыйлығы 1995 жылы құрылған. Жыл сайын сыйақыға Грузияның жұмыс орындарын құратын және елдің экспорттық әлеуетін дамытатын үздік компаниялары ие болады.
 
Реакция:
Серiктестер