Астанада 17 тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 200-ге жуық қызметкері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап сенбілікке қатысты.
Олар Астана қаласы маңындағы Қорғалжын тас жолының бойындағы жасыл белдеу аумағының бір бөлігін тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Тазалық акциясы кезінде 3 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.