KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері «Каспий құбыр консорциумы» АҚ ұйымдастырған Қауіпсіздік күніне қатысты

 13.09.2024    1127
Алматыда «Каспий құбыр консорциумы» АҚ-тың Қауіпсіздік күніне арналған іс-шарасы өтті. Қабылдаушы тараптың шақыруымен оған «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов пен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары Эрик Сагиев қатысты.
«Каспий құбыр консорциумы» АҚ-тың Қауіпсіздік күні биыл «Уақытты оза..» деген ұранмен өтіп, Қазақстан мен Ресейдің 24 компаниясынан 600-ге жуық қатысушының басын қосты.

Қауіпсіздік күні аясында қатысушы ұйымдар арасында арнайы жарыс та өтті. Оған «ҚазТрансОйл» АҚ атынан сегіз жұмыскерден тұратын команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері Гран-при марапатын иеленді.
«ҚазТрансОйл» АҚ командасының құрамына Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы (БОҚК) өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жетекші инженері Берік Мединамов, БОҚК магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің пайдалану бойынша жетекші инженері Азамат Сағиев, БОҚК энергетикалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету электромонтеры Ақылбек Сарбалин, БОҚК техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу инженер-механигі Сергей Лущиков, БОҚК апатты қалпына келтіру пунктінің өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Салауат Ажығалиев, БОҚК «Аман» МАС технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандыру жүйесі инженері Абылай Батырғазиев, БОҚК «Аман» МАС бастығы орынбасары Нұрлан Молдашев, Атырау мұнай құбыры басқармасының пештерді жөндеу шебері Мкртич Торосян бар.

Байқаудың қазылар алқасы конкурс нәтижелерін еңбекті қорғау саласындағы терең теориялық білім, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тиімді тексеру және олардың түпкі себептерін анықтау, жұмысқа рұқсат беру құжаттарының дұрыс ресімделуі, жұмысты бастамас бұрын ықтимал тәуекелдерді алдын ала бағалап және осы тәуекелдерді жою бойынша шараларын әзірлеу сияқты бағыттар бойынша бағалады.

Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ «Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ-тың Қазақстан Республикасы аумағындағы мұнай құбыры жүйесінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апатты салдарларды жою туралы келісім аясында «Каспий құбыр консорциумы» АҚ-пен ынтымақтастық бағытында ұзақ жылдар бойы нәтижелі жұмыс істеп келеді.
 
Реакция:
Серiктестер