KZTO 814,04 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,04 (-0,36%)

«Таза Қазақстан»: «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Атыраудағы қоқыс полигонының айналасын тазалады

 23.09.2024    154
Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысуды жалғастыруда. Өткен сенбіде атыраулық мұнайқұбыршылар арнайы бөлініп берілген қалалық қоқыс полигоны маңын тазартып, аумақтан17 тоннаға жуық қоқыс қалдықтарын шығарды.
 
Атап өткен жөн, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері белсене атсалысып келеді. Ұжым осыған дейін бірнеше рет сенбілікке шығып, Жайық өзені жағалауын, қала ішіндегі көше учаскелерін, өндірістік обьектілердің санитарлық аумақтарын қоқыстарын тазартуға қатысты. Игілікті іс әлі де жалғасын табатын болады. 


 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер