Батыс оперторлық қызметтер көрсету басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында әкімшілік ғимарат аумағына тал отырғызды. Жалпы Батыс ОҚК басқармасының ұжымы акция басталғалы экологиялық сенбіліктерге белсенді қатысып келеді. Күзде аумаққа отырғызылған 20 талға қызметкерлер өздері күтім көрсетеді. Көгалдандыру жұмыстары ұжым тарапынан әлі де жалғаса бермек.
«ҚазТрансОйл» АҚ республика бойынша өндірістік нысандары орналасқан өңірлерде жыл сайын жоспарлы түрде жасыл желек отырғызады. 2024 жылы компания ұйымдары 2,5 мыңға жуық ағаш екті.