KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмендері Шымкент мұнай құбыры басқармасының жұмысшыларымен кездесті

 13.11.2024    270

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмендерінің Шымкент мұнай құбыры басқармасы жұмысшыларымен кездесуінде маңызды мәселелер талқыланды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені Еркін Рахимбергенов пен «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені Серік Ақберген өз сапарлары барысында басқарманың өндірістік қызметін, техникалық базасын және өндірістік нысан жұмысымен танысып, жұмысшылармен ашық диалог жүргізді.

Омбудсмендер корпоративтік әдеп кодексіндегі корпоративті нормалар  мен еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігін атап өтіп, жұмысшылардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, олар ұйымдағы адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін ұжымда құрметті қарым-қатынас орнатудың маңыздылығына назар аударды.

Бұл кездесулер жұмысшылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған, әрі корпоративтік мәдениетті дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер