KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайту үшін резервуар паркін жаңғыртуда

 28.11.2024    744

Экологиялық бастамалар аясында «ҚазТрансОйл» АҚ Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында көлемі 20 мың текше метр мұнай сақтауға арналған резервуарға понтон орнатуды аяқтады. Бұл құрылғы мұнайдың булануын едәуір азайтуға мүмкіндік береді, атмосфераны ластайтын қалдық заттарды 80%-ға төмендетеді.

Понтон – резервуардың ішіне оның бекітілген шатырының астына орналастырылған қалқымалы құрылғы. Ол мұнайдың бетін газ кеңістігінен оқшаулайды, булануды болдырмайды.

Понтондардан басқа, «ҚазТрансОйл» АҚ буды қалпына келтіру үшін газ теңестіру жүйелері мен қондырғыларын қолданады, сондай-ақ қазандық қондырғыларын табиғи газға ауыстырады.

«ҚазТрансОйл» АҚ объектілерінде атмосфераны ластайтын қалдық заттардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға қысқарды.

Компания сонымен қатар өзінің барлық нысандарында тұрақты өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырады. Мониторинг нәтижелері тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жіберіледі.

Реакция:
Серiктестер