KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен - Жетібай - Ақтау» мұнай құбыры сорап жабдығының пайдалы әрекет коэффициентін арттыруда

 30.12.2024    105
«ҚазТрансОйл» АҚ «Жетібай» мұнай айдау станциясында жаңартылған магистральдық сорап станциясын пайдалануға берді.

Реконструкция аясында магистральдық сорап станциясы салынды. 3 магистральдық сорап агрегаты орнатылды, олардың әрқайсысы сағатына 1200 м3 мұнай айдайды. «Жетібай» мұнай айдау станциясы сорғы жабдығының тиімділігі 60%-дан 75%-ға дейін артады. Нәтижесінде мұнай тасымалы процессінің энерготиімділігі, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік, «Жетібай» мұнай айдау станциясы жабдықтарының сенімді жұмыс жасауы артады. 

«Жетібай» мұнай айдау станциясы Маңғыстау облысында орналасқан. 1965 жылы іске қосылды. «Өзен-Жетібай-Ақтау» магистральді мұнай құбыры арқылы мұнайды «Өзен» бас мұнай айдау станциясы бағытына қарай тасымалдайды.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер