«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметкерлерінің қолайлы еңбек етуі үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Жаңа нысандардың бірі – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы «Бейнеу» желілік өндірістік – диспетчерлік станциясына (ЖӨДС) қарасты «Сай-Өтес» мұнай қыздыру станциясы аумағында салынған жаңа жатақхана.
20 орындық заманауи кешен ескі модульді ғимаратты алмастырды және жұмысшылар үшін өте ыңғайлы. Жатақхана демалуға қолайлы, барлық жағдай жасалған: асханасы, киім жуатын және кептіретін бөлмесі, интернеті бар. Қызметкерлердің жұмыс орнындағы тиімділігін арттыру және өмір сапасын жақсарту үшін бар жағдай жасалып отыр.
«Бейнеу» ЖӨДС - Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының ең шалғай орналасқан станциясы және «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау процессінде маңызды рөл атқарады.
ЖӨДС құрамына мұнайды қабылдау, айдау және қыздыруға қатысатын «Бейнеу» мұнай айдау станциясы, «Сай - Өтес» мұнай қыздыру станциясы және бірнеше қабылдау-тапсыру пункттері кіреді.