KZTO 797,00 (-0,62%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 797,00 (-0,62%)

«ҚазТрансОйл» АҚ және Қазақстандағы Eni басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 17.02.2025    559

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов Eni компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинкпен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады және одан әрі өзара іс-қимылдың әлеуетін, атап айтқанда, «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай экспортының перспективаларын қарастырды.

Eni Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді және еліміздегі Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі кен орындарын игеруге елеулі үлес қосқан энергетика саласындағы стратегиялық серіктестердің бірі болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен бастамаларды одан әрі жүзеге асыруға ниетті екенін растады.

Серiктестер