KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ мердігер ұйым өкілдерімен еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді

 01.04.2025    68
«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында әлеуметтік және еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ғазиз Қошановтың төрағалығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне арналған кеңес өтті.

 


Іс-шараға компания нысандарында жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың өкілдері, бас директорлардың орынбасарлары, басқарушы директорлар, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, операторлық қызмет көрсету департаментінің, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жекелеген бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында 2025 жылдың бірінші тоқсанында орын алған оқиғаларға шолу жасалды. Қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бұзылуының ықтимал себептерін талқылап, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу шараларын ұсынды.

Жиын қорытындысы бойынша мердігерлерге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарындағы жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестеріне мердігер ұйымдардың топ-менеджерлерін тартуды арттырға ерекше назар аударылды.
 
Реакция:
Серiктестер