KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ CIPC 2025 Қытайлық халықаралық құбырлар конференциясына қатысып жатыр

 09.04.2025    198
Қытай мұнай қауымдастығы ұйымдастырған 8-ші Қытай халықаралық құбырлар конференциясы және көрмесі (CIPC 2025) 2025 жылдың 8-10 сәуір аралығында Бейжіңде өтіп жатыр. Іс-шара құбыр өнеркәсібіндегі әлемдегі жетекші тараптар арасында білім алмасу, инновациялар және кәсіптік байланыс орнату үшін маңызды платформаға айналды.
 
Конференцияда «ҚазТрансОйл» АҚ бизнес серіктесі Руслан Ибраимов компания қызметінің негізгі аспектілерімен таныстырып, еншілес және бірлескен кәсіпорындар, маңызды активтер мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Ол өз сөзінде жаһандық құбыр инфрақұрылымының тұрақты дамуы үшін халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
 
Конференцияда инновациялық технологияларды енгізу және көлік секторындағы тұрақты шешімдерді әзірлеуді қоса алғанда, саланың өзекті мәселелері талқыланады. Мұндай жоғары деңгейдегі шараға қатысу «ҚазТрансОйл» АҚ-ның халықаралық аренадағы орнын нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
 
Осылайша «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау саласындағы сенімді серіктес ретінде халықаралық форумдарға белсенді қатысуды жалғастыруда.

 
Реакция:
Серiктестер