KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы Sino-Pipeline International компаниясының өкілдерімен кездесті

 16.04.2025    87
Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы мен қытайлық Sino-Pipeline International компаниясының өкілдері кездесті.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұмыс тобына басшылық жасаған бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, ал Sino-Pipeline International компаниясының делегациясын бас бухгалтер Лю Гуй Хуа басқарды.

Кездесудің негізгі мақсаты – бірлескен жобаларды дамыту мәселелерін талқылау және энергетикалық ресурстарды тасымалдау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша пікір алмасу болды.

Жиын барысында тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдіріп, стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы екенін атап өтті.
 
Реакция:
Серiктестер