KZTO 810,00 (-0,49)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,00 (-0,49)

«ҚазТрансОйл» АҚ қытайлық әріптестердің қатысуымен халықаралық апатқа қарсы оқу-жаттығу өткізді

 26.06.2025    70
«ҚазТрансОйл» АҚ «Кеңкияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбырының «Арал» тіректік авариялық-қалпына келтіру пунктінде халықаралық апатқа қарсы оқу-жаттығу өтті.
Іс-шараға «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері, Sino-Pipeline International (SPI), «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС («ҚҚҚ» ЖШС) мен «СБҚК МұнайТас» ЖШС-нің өкілдері қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты – мұнайдың ағып кетуіне байланысты ақаулы құбыр учаскесін кесіп алып, магистральды мұнай құбырының желілік бөлігіне катушка орнату бойынша іс-қимылдарды пысықтау, сондай-ақ өртті сөндіру және шартты түрде зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша әрекеттерді орындау.
Апатқа қарсы оқу-жаттығу Қазақстан және Қытай тараптарының басшылары мен техникалық мамандарының қатысуымен өтті. Атап айтқанда:
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-ның пайдалану департаменті және операторлық қызметтер көрсету басқармасының өкілдері;
  • «SPI», «ҚҚҚ» ЖШС және «СБҚК МұнайТас» ЖШС инженерлері мен басшылары.
Іс-шараға 60-тан астам маман жұмылдырылды. Олардың қатарында Шығыс және Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармалары, мобильді күзет тобы, өрт сөндіру қызметі, авариялық-құтқару қызметі және медициналық бригада бар.
Халықаралық оқу-жаттығу серіктестер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге дайындықты дәлелдеді және мұнай тасымалдау саласындағы өнеркәсіптік әрі экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізді.





Серiктестер