KZTO 814,00 (+0,23)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (+0,23)

«Жетібай» мұнай айдау станциясында резервуар паркін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда

 14.07.2025    29

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Жетібай» мұнай айдау станциясы аумағында резервуар паркін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында көлемі 10 000 м³ болатын екі понтонды тік болат резервуар салу және нысанның өрт сөндіру жүйесін қайта құру жоспарланған.

Бүгінде көлемі 10 000 м³ болатын №1 понтонды тік болат резервуар құрастырылып, гидросынақтан сәтті өтті.

Көлемі 10 000 м³ болатын №2 резервуар бойынша қызмет көрсету алаңдары, жолақтар, көбік пен су бүрку құбырлары сияқты қосалқы құрылымдардың монтаж жұмыстары аяқталуға жақын.

Сондай-ақ, әрқайсысының көлемі 1900 м³ болатын темірбетоннан жасалған өртке қарсы су қорының 2 резервуары құрастырылды.

Кәріздік сорғы станциялары – №4 (КНС-4) және №5 (КНС-5) – орнатылып, жеке сынақтан өткізілді. Сонымен қатар, 0,4 кВ №4 қуат басқару қалқаны орнатылып, іске қосылды.

Бүкіл резервуар паркіне арналған өрт қауіпсіздігі құбырлары (көбікті және суды жеткізетін) толықтай орнатылып, сынақтан өткізілді. Қазіргі таңда модульдік өрт сөндіру сорғы станциясының жеткізілуі күтілуде.

Жоба шеңберінде электрмен жабдықтау, автоматтандыру, өрт дабылы және технологиялық байланыс желілерін тарту және монтаждау да қарастырылған.

Аталған жобаны іске асыру резервуар паркінің жалпы сыйымдылығын арттырып, «Жетібай» МАС нысандарының сенімділігі мен өрт қауіпсіздігін едәуір жақсартады.

Реакция:
Серiктестер