KZTO 855,00 (+0,05)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 855,00 (+0,05)

ҚазТрансОйл Халықаралық қағазсыз күнді қолдайды

 23.10.2025    28

23 қазанда атап өтілетін Халықаралық қағазсыз күн – табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қағаз қалдықтарын азайту туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған жыл сайынғы бастама. Бұл күн әрбір қағаз парағы ағаш, су және энергия ресурстарын қажет ететінін еске салады. Сондықтан саналы тұтыну – табиғаттың экологиялық тепе-теңдігін сақтауға жол ашады.

ҚазТрансОйл компаниясы тұрақты даму қағидаттарын ұстана отырып, «қағазсыз кеңсе» мәдениетін кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бүгінде компанияда құжат айналымының басым бөлігі электронды форматқа көшірілген, ал есептер мен презентациялар цифрлық түрде дайындалады. Электронды цифрлық қолтаңба мен онлайн есеп беру жүйелері жұмыс үдерісін жеделдетіп, қағаз тұтынуды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Компания ұжымы қоршаған ортаға қамқор болудың қарапайым қағидаларын ұстануға тырысады: қағаздың екі жағын пайдалану, электронды жазбаларды қолдану, құжаттарды электронды түрде бекіту. Осындай күнделікті әдеттердің өзі табиғатты қорғауға үлес қосып, экологиялық мәдениетті нығайтады.

ҚазТрансОйл Халықаралық қағазсыз күнді қолдай отырып, ресурстарды тиімді пайдалану мен жауапкершілік мәдениетін дамытудың маңызын атап өтеді.

Реакция:
Серiктестер