Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ-тағы экология саласының мамандары кәсіби жетістіктері мен компанияның экологиялық қызметін дамытуға қосқан үлестері үшін жоғары ведомстволық марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен табиғатты сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ісіне қосқан зор үлестері үшін
ӨҚ, Е және ТЖ департаментінің өнеркәсіптік, көліктік қауіпсіздік және қоршаған орта бөлімінің бас мамандары Жанна Құсайынова және Қарлығаш Тоқабаева, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының ӨҚ, Е және ҚОҚ бөлімі бастығының экология жөніндегі орынбасары Лейла Өмірбаева, Атырау мұнай құбыры басқармасының ӨҚ, Е және ҚОҚ бөлімінің инженер-экологы Альбина Нұрпейісова, «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалының табиғатты қорғау жобалау және нормалау бөлімінің бастығы Бақыткүл Сәрсембаева және «ЗӘО» филиалының табиғатты қорғау жобалау және нормалау бөлімінің бас маманы Айман Темірова «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Барлық аталған мамандардың қоршаған ортаны қорғау саласында көп жылдық жұмыс тәжірибесі мен экологиялық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді іске асыруда жоғары деңгейдегі сараптамалық жауапкершіліктері бар. Сондықтан алынған марапаттар олардың жоғары кәсібилігі мен компанияның және бүкіл саланың тұрақты дамуына қосқан жеке үлесін айғақтайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды, әрі қарай да табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейді!