KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

Маңғыстау МҚБ маманы Алексей Савин – жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері атанды

 03.11.2025    26

Алексей Савин - Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының автоматтандырылған басқару жүйелері учаскесі сүйемелдеу тобының жетекші маманы. Жуырда  әріптесіміз  «Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде  «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Салтанатты жиында Маңғыстау облысы әкімінің атынан әріптесіміз марапат алып,  алғысқа бөленді.

«ҚазТрансОйл» АҚ жүйесінде Алексей Савин 30 жылға жуық жұмыс істейді. Ол «Үздік маман» кәсіби конкурстарына қатысып, бірнеше рет жүлдегер атанды.  «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры мен «Астрахань – Маңғышлақ» су құбырының жоспарлы қосу жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ ҚР мұнай тасымалы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталды.  

Бүгінде Алексей Савин - жас мамандардың тәлімгері және өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісіп келеді.  Айта кетейік, соңғы жылдары Алексей Савиннің басшылығымен жас мамандар жақсы нәтиже көрсетуде. Солардың бірі – Маңғыстау МҚБ  БӨАжәнеА  слесары Ринат Вахитов Уфа қаласында өткен «Үздік маман» халықаралық байқауының жүлдегері, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлері арасында «Үздік маман«байқауының жеңімпазы атанды.

Әріптесімізге республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!






Реакция:
Серiктестер