Әріптесіміз, Павлодар мұнай құбыры басқармасының байланыс жөніндегі инженері Станислав Кипко Алматы марафон ұйымы ұйымдастырған «Turkistan Marathon» жарысына қатысып, 42 км 195 метрді небәрі 3 сағат 25 минутта жүгіріп өтті.
«Turkistan Marathon» — Ұлы Жібек жолының бойында, Оңтүстік Қазақстанның құмды аймағында өтетін ірі жүгіру жарысы. Жарыс маршруты көз тартатын ежелгі Түркістан қаласы мен оның төңірегіндегі көрікті жерлер арқылы өтеді.
«Turkistan Marathon» халықаралық жарыстар Қауымдастығы мен AIMS жүгіру сайыстарының бір бөлігі болып табылады. Ал оның жолдары World Athletics стандарттары бойынша сертификацияланған. Сондай-ақ, марафон түркі халықтары арасындағы алғашқы халықаралық TAN сериясына кіреді.
Марафон қашықтығын сәтті бағындыру үшін Станислав төрт ай бойы жүйелі түрде дайындалып, күн сайын түрлі жаттығулар орындап, қашықтықтарды еңсеріп отырған.
Оның айтуынша «Марафонды ақылмен жүгіреді», бұл салмақты қашықтық және жүгіріп өтемін деп сайлағандардың бәрі бірдей оны бағындыруға дайын болмай шығады. «Менің мақсатым – бұрынғыдай әріптестерімнің арасында салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау», - дейді ол.