«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Грузиядағы еншілес компаниясы жүктерді ауыстырып тиеуді 18 %-ке арттырды

21.08.2020    Көрулер: 61
Дереккөз: Баспасөз қызметі
$2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Батуми мұнай терминалы»; ЖШҚ компаниялар тобы (қатысу үлестерінің 100% «ҚазТрансОйл»; АҚ тиесілі) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұнайды ауыстырып тиеуді 18% - ке арттырды. Жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 3 003 мың тоннаны құрады.



Мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемі 409 мың тоннаға дейін төмендеді, бұл 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 16% аз. Бұл Түркменстандағы мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ коронавирустық пандемия салдарынан ақшыл отынға сұраныстың төмендеуіне байланысты азайып отыр. Бұл ретте, «Батуми мұнай терминалы»; ЖШҚ компаниялар тобы қазақстандық сұйытылған газды ауыстырып тиеуді өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 57% - ке, яғни 62 мың тоннаға дейін ұлғайтты.



Мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу көлемінің төмендеуіне қарамастан, 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемінің өсуі құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемінің 124 мың тоннаға (37% -ке), контейнерлік жүктердің 506 мың тоннаға (38% -ке) артуымен байланысты болды. Бұл көрсеткіштер «Батуми теңіз порты»; ЖШҚ-ның ірі өңірлік клиенттермен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасуы және контейнерлермен жеткізілетін автокөлікті оларды кейін ЕАЭО аумағында тіркеп, жеңілдікпен әкелу кезеңін ұзарту арқылы қол жеткізген нәтижелері. Сондай - ақ коронавирус пандемиясына байланысты әуе және теміржол тасымалы көлемінің күрт төмендеуінен, құрғақ жүк көлемінің артуы теңіз маршрутының пайдасына шықты.



«ҚазТрансОйл»; АҚ есеп саясатына сәйкес «Батуми мұнай терминалы»; ЖШҚ компаниялар тобының шоғырландырылған кірістері 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21% - ке, яғни 5 047 508 мың теңгеге дейін өсті. Шоғырландырылған шығыстар 4 652 514 мың теңгені құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштен 46% - ке төмен. Есепті кезеңдегі шоғырландырылған таза пайда 395 млн теңгені құрады.



БМТ «Батуми теңіз порты»; ЖШҚ-ның 100% үлесіне қатысты айрықша басқару құқығына ие. Мұнайды, мұнай өнімдерін және газды, сондай-ақ өз айлақтарын, технологиялық құбырлары мен резервуарларын пайдалана отырып, оларды қайта өңделген өнімдерін ауыстырып тиеу, қайта айдау, сақтау жөніндегі қызметтерді ұсынады.



*Құрғақ жүк шикі қант, минералды тыңайтқыштар, дән, күнбағыс, сусымалы жүк, метал өнімдері, пакеттелген жүк пен т.б. қамтиды.


Анықтама


«ҚазТрансОйл»; АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз»; ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл»; АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара»; және «Қазақстан-Қытай»; мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.


Басқа жаңалықтар