«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның медициналық мекемелері үшін ӨЖЖ аппараттарын сатып алды

24.08.2020    Көрулер: 107
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның медициналық мекемелеріне 68 стационарлық көп функционалды өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарын беруде.

Бұл мақсатта компания демеушілік көмек ретінде 1 млрд теңге қаражат бөлді. Бұл қаражатқа коронавирустық пневмониямен және басқа да тыныс алу жүйесі ауруларын емдейтін, Еуропада шығарылған ӨЖЖ аппараты сатып алынды. Жабдық ӨЖЖ аппараттары жетпей тұрған 14 облыстық және 3 республикалық маңызы бар қаланың емханаларына түседі. Медициналық мекемелердің тізімі ҚР Денсаулық министрлігі және жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректердің негізінде жасалды.

Қазіргі уақытта 42 ӨЖЖ аппаратын алушылар айқындалды. Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы және №4 қалалық клиникалық аурухана бір ӨЖЖ аппаратынан алды.

Тамыздың аяғына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ қажет жабдықты Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Жетіқара, Рудный және Лисаковск медициналық мекемелеріне жібереді. ӨЖЖ аппараттарымен Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының ауруханалары жарақтандырылатын болады.

Қыркүйекте ӨЖЖ жиынтықтарын Жаңаөзен, Павлодар және Екібастұз медициналық мекемелеріне жеткізу жоспарланып отыр.

Қалған 24 ӨЖЖ аппараты Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Қызылорда облыстарының сауалдарына сәйкес бөлінеді.
Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тапсырмасы бойынша коронавирус пандемиясына қарсы күрес шеңберінде компания Қазақстанның медициналық мекемелерін қажет жабдықпен қамтамасы етуге көмек көрсетеді:

Нұр-Сұлтан қ.
Нұр-Сұлтан қ. Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы – 3 ӨЖЖ аппараты;

Шымкент қ.
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;
№2 қалалық аурухана - 1 ӨЖЖ аппараты;
Қалалық перзентхана – 1 ӨЖЖ аппараты;
Қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;

Ақтөбе облысы
Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 4 ӨЖЖ аппараты;

Қарағанды облысы
Қарағанды қ. №1 көпбейінді ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;
Теміртау қ. орталық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;

Қостанай облысы
Қостанай облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы – 1 ӨЖЖ аппараты;
Рудный қалалық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;
Жетіқара аудандық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;
Лисаковск қалалық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;

Павлодар облысы
Павлодар қ. Г.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;
Павлодар облыстық кардиология орталығы – 1 ӨЖЖ аппараты;
№3 Павлодар қалалық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;
Екібастұз қалалық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;

Батыс Қазақстан облысы
Облыстық көпбейінді аурухана – 2 ӨЖЖ аппараты;
Қалалық көпбейінді аурухана (Орал қ.) – 2 ӨЖЖ аппараты;

Маңғыстау облысы
Жаңаозен көпбейінді қалалық ауруханасы – 2 ӨЖЖ аппараты;

Солтүстік Қазақстан облысы
Облыстық фтизиопульмонологиялық орталық - 1 ӨЖЖ аппараты;
Көпбейінді облыстық аурухана - 1 ӨЖЖ аппараты;
Көпбейінді қалалық аурухана - 1 ӨЖЖ аппараты;
Тайыншы көпбейінді ауданаралық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;

Түркістан облысы
Жетісай орталық аудандық ауруханасы – 2 ӨЖЖ аппараты;
Ордабасы орталық аудандық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;
Шардара орталық аудандық ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты;

Жамбыл облысы
Қалалық көпбейінді аурухана (Жамбыл қ.) – 1 ӨЖЖ аппараты;
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы – 2 ӨЖЖ аппараты;
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы – 1 ӨЖЖ аппараты.


«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар