«Астрахань-Маңғышлақ» су ағызғысының жұмысы қалпына келтірілді

15.09.2020    Көрулер: 76
Дереккөз: Баспасөз қызметі

12 қыркүйекте «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысының ақаулы учаскесін жөндеу жұмыстары аяқталды. Су беру белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Қалпына келтіру жұмыстары суағызғыға техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін  көрсету жөніндегі «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерімен жүргізілді. 

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының Жылыой ауданында 2020 жылдың 10 қыркүйегінде «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды суағызғының құбырлары («Магистральдық Суағызғы» ЖШС тиесілі) герметизацияланды.

«Магистральдық Суағызғы» ЖШС «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобына кіреді. Жалпы ұзындығы 1945,1 км магистральдық су тартқышты және оған іргелес су тарату желілерін басқарады. Атырау және Маңғыстау облыстарының халқын сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас және Теңіз мұнай кен орындарына су жеткізеді.


Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында орналасқан. 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті



Басқа жаңалықтар